«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу -математика 4 сынып

Мектеп: Гранитный НМ

Мұғалімнің аты-жөні: Шакирова М.Ж.

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар:

Күні: 25.11.2020ж.

Сабақ  тақырыбы: Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

4.1.2.10 көптаңбалы сандарды бір таң балы/екі таңбалы /үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;

Оқушылардың басым бөлігі: амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастырады және қолданады;

Кейбір оқушылар: қалдық пен бөлгіш арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;
  • амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастырады және қолданады;

•              қалдық пен бөлгіш арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Жазбаша тапсырмалар:

Өрнекті жазыңыз.

Есептеулер нәтижелерін өсу/кему  бойынша орналастырыңыз.

Есептеу тәсілдерін жазып алыңыз.

Флипчартқа өздеріңіздің есептеу тәсілдерінізді жазыңыз.

 

Терминология:

көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінгіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу,

алгоритм, формула.

Сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

•              Санды қосындыға қалай көбейтеміз? Өрнекке ше? Санды өрнекке қалай бөлеміз?

•              Шынайы өмірде санды қосындыға бөлу білімі қандай жағдайда керек болады? Санды өрнекке көбейту мен бөлу ше?

•              Алгоритм дегеніміз не?

•              Көптаңбалы санның біртаңбалы санға көбейту өрнегінде қанша таңба бола алады? Екітаңбалы санға? Үштаңбалы санға?

•              Екітаңбалы санға бөлу кезінде қандай қалдықтар болуы мүмкін? Үштаңбалы санға?

•              Екітаңбалы/үштаңбалы санға бөлу кезінде қалдық қандай жағдайда ең кіші болады? Ең үлкен? Қандай жағдайда қалдық болмайды?

•              Қалдықпен бөлудің дұрыстығын қалайша тексеруге болады?

•              Қандай жағдайда бөліндіде нөл пайда болады?

Сізкелесісұрақтардыңсебептерінайтааласызба?

•              Көптаңбалы сандарды көбейту мен бөлу кезінде біз неліктен алгоритм қолданамыз?

•              Жауап осындай болатын шығар?

•              Неліктен нөлге аяқталатын сандарды көбейту мен бөлу кезінде нөлдер ескерілмейді?

•              Неліктен жақшаларды ескеру қажет?

•              Неліктен қалдықпен бөлуді білу керек?

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қосындыны бір таңбалы санға бөлу ережелері, екі таңбалы/ үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдері, бөліндінің бір разрядында нөл бар болған кезде нөлге аяқталатын көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу, көбейтудің кері амалының алгоритмі.

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

 

Басталуы

Сергіту жаттығуы

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Жаңа топ құру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 2 топқақыздар және ұлдар болып екіге бөлініп отырады.

1-топ «Қызыл кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Лев Гумилёв – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, тарих және география саласының маманы. Азия және Еуропа халықтарының тарихы туралы көптеген еңбектердің авторы.

 

 

Ортасы

Есіңде сақта!

а : b = c (r қалд.)

Қалдықпен бөлуді тексеру формуласы:

а = b · c + r,  r < b

а – бөлінгіш, b – бөлгіш, c – бөліндінің мәні, r – қалдық

2 тапсырма

Қалдықпен бөлуді жазбаша орында.

3 ә) тапсырма

Есептеу тәсілдерін қарастыр. Екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолданып, бөлудің қалай орындалғанын түсіндір.

Егер цифрлардың қосындысы 3-ке (9-ға) қалдықсыз бөлінетін болса, онда сол санның өзі де 3-ке (9-ға) қалдықсыз бөлінеді. Берілген сандардың ішінен 3-ке және 9-ға бөлінетін сандарды тап.

234 972 124

243 936 87

573 799 31

Дескрипторы:

Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлуді орындауды үйренесің.

Шығармашылық жұмыс. 6 тапсырма.

9-ға бөлген кезде қандай қалдық қалады? Қалдықпен бөлуге есеп құрастыр.

9- ға бөлген кезде   қалдық қалады.

Мәтін есеп. 7 тапсырма.

Есепті шығар. Есептегі барлық мәліметтерді өзгертіп, оны қайтадан шығар. Кітапхана залында әрқайсысында 6 сөреден 30 шкаф бар. Әр сөреге 20 кітаптан қойылған. Залда барлығы неше кітап бар? Жауабы: залда барлығы  кітап бар.

 

Аяқталуы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ойтолғаныс кезеңі.

Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.

 

       

 

Жаңартылған күні: 24.11.2020 14:53
Құрылған күні: 24.11.2020 14:53

Текст