«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің отбасым – менің тірегім»

Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Сынып сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отбасым – менің тірегім». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі

ІІ. Бүгін біз топпен жұмыс істейміз.
1 - топ: «Шаңырақ» тобы
2 - топ: «Қуаныш» тобы
ІІІ. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)

2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...
3. «Ана» анатуралыөлеңшығару.
4. Ана туралыоқушылардыңтақпақтары
5. Отбасыдәстүрлері.(Әр топ өзотбасыдәстүрлерінкөрсетеді).
6. Отбасыныңбастықазығы, алтын тіреудіңгегі – бала. Олайболсақазір
« Аялыалақан» ойынынойнаймыз.
7. «Меніңотбасым» суреткеқарапөзбалаларыныңсалғансуретін табу.
8. «Мейірім» (жылысөздерайтқызу).
9. Бағалау
ІҮ. Қорытынды. «Тілекшамы». Міне, қоштасатын да сәтжетті. Отбасы – ұшқанұя, жылылықтың, жылулықтыңмекені. Отбасыатауыныңмәнінетереңірекүңілерболсақ, от дегенсөздіңүлкенмаңызы, мәні бар екенінсеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздыңтүтінітүзуболуыүшінмынабір «Тілекшамын» бір - бірімізгежақсытілекайтаотырыпұсынайық.


 

Жаңартылған күні: 17.05.2021 09:30
Құрылған күні: 17.05.2021 09:30

Текст