Білім беру саласы:Таным.
Ұйымдастырылғаноқу іс-әрекетінің музыка сабағына дидактикалық ойын.
Тақырыбы:«Әр түрлі аспаптардың дауысы»
Мақсаты:Әртүрлі аспаптардың дауысын ажырата білуге үйрету.
Тәсілдері: «Шаттық шеңбері»,сұрақ-жауап,түсіндіру, өзіндік жұмыс, «ненің дауысы» «қандай аспап» ойындары.
Керекті –жабдықтар:көрнекі суреттер,карточкалар,музыкалық аспаптар.
Сөздік қор:.дабылқаққыш,күйсандық,сылдырмақ
Мотивациялық-қозғаушылық
1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге!
2. «Ненің дауысы»ойыны.
Мақсаты:әртүрлі аспаптардың дауысын ажыратуға дағдыландыру.
Іздену-ұйымдастырушы:
1.Сұрақ-жауап.
Балаларға сұрақтар қою.
-Балалар топта қандай заттарды көріп тұрсыңдар?
-Олар қайда орналасқан?
-Олардан қандай дыбыс шығады?
Әр түрлі аспаптардың дыбысын ажырата білуге үйрету.
Үлестірмелі тапсырмалар беріледі. Балалар карточкадағы әр түрлі аспаптарды бояйды.
Сергіту сәтін өткізу.
Отырамыз!
Тұрамыз!
Бір,екі,үш
Біз жинаймыз күш!(2,3 рет қайталау)
4. «Қандай аспаптың дауысы» ойынын ойнау.
Мақсаты: Дауыстар арқылы аспаптардың атын атау.
Рефлексиялық-түзетушілік
1.Бүгін не істедік?
-Қандай ойын ойнады?
-Қандай аспаптардан ,қандай дыбыс шығады?
2.Балалар жұмысына талдау жасап,мадақталады.
Күтілетін нәтиже: Аспаптар туралы мәлімет беріледі және қандай дыбыс шығатыны түсіріледі.Дыбыстарды ажыратуды үйрету. ажыратуды түсінеді.
Тапсырманы ұқыпты орындай алады.