Сабақтың мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, бір отбасыдай бірлікте ынтымақтастықта тұруы,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтамыз.
Мұғалім.
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Бір Отан – бір отбасы» аталатын тәрбиелік сынып сағатымызды бастайық!
Құрметті оқушылар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз.
№1. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Елім десе еміреніп арқалы ақын,
Халқым десе тілінен бал таматын.
Қош келдіңіз қадірлі оқушылар,
Көруге бүгінгі тәрбие сағатын!
Мерекең құтты болсын, туған өлкем,
Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп өркен!
Бүгінгі күнің бізді қуантады,
Болашағың бұдан да болсын көркем!
Біздің елде әр халықтың ұлы бар,
Кеудемізде бауырластық нұры бар.
Бейбіт күннің тату - тәтті достарымыз,
Көк байрақты мәңгі бірге ұстармыз!
2 Көрініс: «Қырғыз бен татар айтысы».
Татарға таңырқай қараған қырғыз татардан:
- Сенің ұлтың кім?
- Татар.
- Сен татар болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Татарстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен қырғызсың ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұндақырғыз да, татар де, орыс та тағыбасқатұрабереді. Тұрғанда тату-тәттітұрыпжатыр, ал сендердауласасыңдаркеліп. Олайболса, біз де неге досболмасқа! Қане, салыңдарқолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіпқолдарын салады).
- (Біргеқосылып) Біздоспыз, бізәрқашанбіргеміз
№3 «Біз бір отбасымыз» тақырыбында сурет салу
№4 Мақал-мәтелдер
1.Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
2.Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
3.Ынтымақ түбі –игілік,
4.Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
5.Ағайын тату болса – аткөп,
Абысын тату болса – ас көп.
6.Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.
7.Ынтымақ түбі — игілік.
8.Екі құзғынталасса,
9.Бір қарғағажемболар.
10.Көнектен шошынғанбиеоңбас,
Көптенбөлінгенүйоңбас.
Рухы күшті ел - алынбайтын қамал. Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болғанымыз - бәріміз үшін үлкен бақыт! Біз ынтымағы жарасқан бір отбасымыз. Тәуелсіздіктің желбіреп тұрған туын болашақта желпілдететін сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін ұрпақ сіздерсіздер. Біздің бүгінгі күніміз қандай мерейлі, мерекелі болса, ертеңіміз бұданда мерекелі, бұдан да берекелі! Ұлтымыз көп болғанымен тіліміз ортақ үйіміз бір.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
4А сыныбы
Өткізген: Шакирова М.Ж.