Тақырыбы |
Саналы ұрпақ―жарқын болашақ |
|
Мақсаты |
Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру |
|
Күтілетін нәтижелер |
• оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді • оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады • барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді • оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді |
|
Қолданылатын ресурстар |
Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі |
|
Көрнекі құрал-жабдықтар |
Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, тақта |
|
Сабақтың өту барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушының іс-әрекеті |
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) |
-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті
-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді
-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс |
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады |
Топқа бөлу (5 мин) |
Әрбір топқа қимақағаздар тарату арқылы 2-3 топқа бөлу |
Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады |
Сабақ барысында көңіл-күйді анықтау (3 мин) |
|
Оқушылар бір парақ ақ қағаз алып, екіге бөліп бірінші жартысына көңіл – күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) |
|
Конституция кітабы Оқу құралдары Патриотизм (Отан) Табиғат Жастар жылы Кітап Абай атамызға ―175 жыл |
Әр топ өз тақырыбын ашу керек. Сұрақтарға жауап береді.
|
Ми шабуылы (10 мин) |
Видеороликтер көрсету «Арманға, мақсатқа жету» Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер Сұрақ:
|
Оқушылар өз ойларын түйіндейді
Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл (20 мин) |
«Қаздар сабағы» немесе Бейнеролик ұнады ма?
|
Оқушылар роликті тамашалайды, өз ойларымен бөліседі |
|
Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?
Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер |
Постер жасап, әр топ өз жұмысын қорғап шығады |
5 мин |
Бағалау-формативті |
Топтар бірін-бірі бағалайды |
Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин) |
|
Оқушылар сабақтың бірінші жартысына көңіл күйін бейнелейтін суретті салған суретті аяқтайды. (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының көңіл- күйін білдіреді |
Рефлекция (5мин) |
Қорытындылау ―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!! |
Смайликтер Кері байланыс.
|