Мақсаты : «Жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету,әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, видео-ролик.
-үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады)
Кішіге де сіз. (Сол қолын алға созады)
Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қойып)
Бас иеміз біз (бас иеді.)
- Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Айналаңа жақсылық жаса» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Оқушылар біз сіздермен «Жақсылық», «жақсылық жасау» деген сөздердің мағынасын ашып алсақ.
- Жақсылық дегеніміз не, балалар?
- Жақсылық жасау дегеніміз ше?
(Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады.Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды).
Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.
Оқушылар қазір сендермен «Жақсылығын өзіне» тақырыбында бейнероликті тамашалайық.
Біздің оқушылар сіздер үшін өлеңдер дайындады.
1.Мен әдепті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Үлкендерге жол беріп,
Мен ақылды боламын.
2.Жақсылық көрсен біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Жамандық көрсен біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
3.Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
4.Әдеп сақтап қашанда
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады сағанда.
ОЙЫН.
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен - кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді. Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті, ізетті сөздерді оқушыларға бөліп беру. Оқушылар жапырақтағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа, кішілер айтатын болса кіші ағашқа апарып ілесіңдер. Жапырақтағы сөздер үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, т.с.с. ( жолыңыз болсын, өтіңіз, аман бол, бақытты бол, бағын жансын, отырыңыз, ала ғой, көмектес, жол бер, отырыңыз, әдепті бол, сыйлы бол)
Мақалды жалғастыр,
1)Дос – ажарың,
,,,,,,,,,,,,Жолдас базарың
2)Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар, үйіне мініп барсың деп.
,,,,,,,,,,,,,,,,,,Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар-ұмытса есіне алсың деп.
3)Жолдасың көп болса,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,жалғызбын деме,
4)Жаңа досың жаныңда болса,
,,,,,,,,,,Ескі досың есіңде болсын
Ол әрқашанда сенімді.
5)Досың дос болғанда шаттан,
,,,,,,,,Дұшпанмен дос болудан сақтан.
1)Жауға-жалынба
,,,,,,,,,,,досқа тарылма.
2)Жақсылық жүрген жерде
,,,,,,,,тапшылық болмайды.
3) Дос – басқа,
,,,,,,,дұшпан –аяққа қарайды.
4)Дос жылатып айтады
,,,,,дұшпан күлдіртіп айтады.
5)Күлме досқа
,,,,,,,, келер басқа.
1)Дос,,,,,,,,,,көп болмайды.
2)Жақсылық ағаш басында,
,,,,,,,,,Жамандық аяқ астында.
3)Жақсылық қылсаң жасыр,
,,,,,,,,,Жамандық көрсең асыр.
4)Мырза болмасаң да,
,,,,,,,,,мейірімді бол
5)Мейірімі мол ананың-жүрегі жылы, қолы кең,
,,,,,,,Кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең.
Соңы. «Табиғат» - сөзінен қай топ көп сөз құрайды, жарыс. Аға, ат, ата, таба, таға, ат, би, баға, бата,атта, Ғабит т.б.
Қане, балалар енді сенднрдің сөздеріңді «Табиғат» өлкесінің құраған сөздерімен салыстырайық
Ойын:
«Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!
Ал енді сыныптан тыс сабағымызды «Көңілді күн» әнімен аяқтаймыз.