«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тұңғыш президент»

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті.

Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб

Әдіс– тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші:

  • Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.

Тәрбиеші:

  • Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

Балалар:

  • Тұңғыш президент күні
  • Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

 

 

 

 

 

Балалар:

  • Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

  • Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:
1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады.
Н.Ә.Назарбаев  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады. Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу.

Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар
  • Астанада тағы да не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.

Балалар елбасы деген сөзді екі тілде айтайықшы: елбасы – президент.

Енді Бәйтеректің суретін салайық

Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар

Балалар:

Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже
Біледі:
 Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.
Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді.
Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің меңгереді.

 

Жаңартылған күні: 03.12.2020 12:04
Құрылған күні: 03.12.2020 12:04

Текст