«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

Мақсаты: а)Балаларға көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.

ә) Сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.

б) Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 28 демонстрациялық материал (түрлі көлік түрлері), №28 үлестірмелі материалмен жұмыс (түрлі көліктер мен мамандардың суреттері).

Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, пойыз, автобус.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бір-біріне ыстық тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үлкенмін ғой, міне, мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

М.Әлімбаев.

-Мен не туралы өлең оқыдым?

-Балалар, айтыңдаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?

-Алинур, сенде қандай ойыншық бар?

-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

 

Көлік түрлерін көрсетеді

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу...

Мен ең күшті

Менен күшті

Кім бар? Пыш-пу!

Теміржолшы

Абай болшы:

Жол ашып қой,

Жер қашық қой!

Бу-бу-бу!

Бө-ге-ме! (Ә.Табылды).

Сөздік жұмыс.

 

 

Өлеңді тыңдайды.

 

 

-Машина.

 

 

-Машина бар.

-Жүк таситын, жеңіл көлік.

Суретті қарайды, жауап береді.

 

 

 

 

Суретке қарап жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті машиналары туралы сұрау.

-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Көліктердің қандай түрлері бар?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

 

 

 

 

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;

Түсінеді: көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;

Қолданады: сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.

Жаңартылған күні: 11.05.2021 11:44
Құрылған күні: 11.05.2021 11:44

Текст