«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру үдерісіндегі бағалаудың маңызы

13.03.2019

Білім беру үдерісіндегі бағалаудың маңызы

Зaмaн өзгeріп жaтыp, біздe зaмaн тaлабынa сaй өзгеруіміз кeрeк. Мұғaлім мамaндығы – жауaпкeршілігі мoл мaмaндық. Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек. Әсіресе, бағалау үдерісінің маңыздылығына ерекше мән беріп, сабақта бағалаудың бірнеше түрлерін қолдануға мүмкіндігіміз бар. Бұрынғы дәстүрлі сабақ барысында тек мұғалім ғана бағалай алады деген түсінік қалыптасқан,  ал енді біз оқушыларға  өз білімі үшін жауапкершілікті арта аламыз. Бағдарлама  бойынша біз бағалаудың екі түрін ажырата аламыз: формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық. Жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау деп айтуға болады, бізге оқушының, мұғалімнің, мектептің мәртебесіне ықпал ететін жалпы сертификаттау үшін пайдаланатын бағалаудың бір түрі. Осы бағалау түрін біз үнемі дәстүрлі сабақ барысында пайдаланғанбыз. Ал енді қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқуына ықпал ету. Қалыптастырушы бағалау немесе оқыту үшін бағалау деп айтуға болады.

 Оқыту үшін бағалау – оқушылардың өз білім деңгейлерін анықтауға, даму жолдарын қарастыруға,  өз жетістігіне жауапты тұлға ретінде қалаптасуына мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалау оқушыға өз жетістіктеріне сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, өз іс-әрекетін терең сараптай алуға үйретеді. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі  бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайындағы өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Оқушылар өз әрекетін ғана емес, сыныптасының әрекетін сараптан өткізіп, бағалауға үйренеді. Әр оқушы өзіне қойылған баға неғұрлым әділ болғанын талап етеді және өзі қойған бағасы да соғұрлым әділ болады.

Білім алу үшін талпыну, алға ұмтылу керек.  Білім алушылар өз білімін жетілдіру мақсатында,  міндетті түрде  бағалауды үйренуі қажет. Сыныптағы бағалау тек қана  техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша  түрде баға жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген  нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтарға  жатады (Александер, 2001).

         Осы сөздерге негізделе отырып, келесі қорытынды жасауға болады: оқу және оқыту үдерісіндегі бағалаудың маңызы зор. Оқу және оқыту үдерісі сәтті өту үшін сабақта тиімді бағалау жолдарын қолдану маңызды. Оқушыларды өз жұмысының  нәтижесін, сыныптастарының жұмыс нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйрету, оқу мақсатын түсінуге әсерін тигізеді. Тиімді бағалау арқылы оқушылар оқытудағы қиындықтарды анықтауға, жетістіктер жөніндегі кері байланысты орнатуға, уәжді тиісті бағыттауға үйренеді. Сондықтан бағалау тәсілдерін әр оқушының жас ерекшеліктеріне сай таңдау керек. Оқушылар мұғалім тарапынан, сыныптастар тарапынан әрқашан қолдауды күтеді, уақытында жасаған қолдау болашақта үлкен жетістіктерге әкелуі мүмкін. Қолдаудың да бірнеше түрі бар: мадақтау, мақтау, шапалақ арқылы қолдау, бастауында көмек көрсету. Әр жұмыстың нәтижесі, әр әрекет, әр алға деген ұмтылыс, әр жетістік дұрыс және әділ бағалануы тиіс деп ойлаймын. Дұрыс бағалау – баланы алға жетелейді, білім алуға ынталандырады, ал керісінше уақытында қолдау жасамаған бала өз-өзіне сенімсіз, еріксіз тұлға болып өсуі мүмкін.

Эйрдың айтуынша, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу міндетті түрде керек. Менің ойлауымша, дарынды балалар үшін бағалау деңгейін де жоғарлату керек, сол үшін әр тапсырмаға критерий қойып, ортақ тапсырма бермей, бөлек тапсырма әзірлеу керек.  Енді қазіргі жаңа бағдарлама бойынша ортақ тақырыптан аумай, күрделенген тапсырма беруге тырысамын. Оқушыларды мұғалім тарапынан бағалау түрлері: мадақтау, ынталандыру оқушыларға жақсы әсерін тигізе отырып, көңіл-күйлерін көтерді, өз күшіне деген сенімділігін арта түсірді. Ынталандырудың арқасында орта деңгейлі оқушылар ашылып, уақыт берсең жақсы жауап бере алды.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын маңызды әдіс-тәсіл, сабақ жоспарын құруда осы мәселеге міндетті түрде ерекше назар аудару керек. Бағалау түрлері балалардың жас ерекшіліктеріне сай болу керек және ерекше көңіл дарынды балаларға бөлу керек. Оқушылардың бағалау жөніндегі түсінігін дұрыс қалыптастыру керек, формативті бағалаудың маңыздылығын анық түсініп, нәтижелерді жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Келешекте, сабақта қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау  түрлері бір деңгейде қолданылса, білім сапасы әлдеқайда арта түседі деп ойлаймын.

 

                                                Жексембина Д.Е.

Гранитный негізгі мектебінің қазақ тілі мұғалімі

Просмотров: 2288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст