«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы – отанымыздың ошағы»

19.03.2020

Ақмола облысы Зеренді ауданы

Гранитный негізгі мектебінің

бстауыш сынып мұғалімі

Танманова  Жанар Умирбекызы

 

«Отбасы – отанымыздың ошағы»

Қай заманда, қандай қоғамда болсын отбасындағы бала тәрбиесі аса өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ. Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі, ыстық ұясы. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, алдымен тәрбие алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі болып есептеледі. Бүгінгі таңдағы жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, әр ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға тырысып жатыр. Олай болса, тіл, дін, әдебиет, мәдениет, салт-дәстүр – баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің қай ұлт өкілі екенін біліп өсіп, үлгі-өнеге алуына орасан зор әсерін тигізеді. Міне, отбасындағы тәрбие ұлағаты да осыдан басталады.

«Ел болам десең, бесігіңді тү­зе», дейді ұлы Мұхаң (М.Әуезов). Осы орайда еске түсетін жайт, халқымыз ежелден бала тәр­биесіне көңіл бөлген, болмысынан бекзат, тумысынан текті халық. Осы тектіліктің түп негізінде ұр­пақ тәрбиесі, яғни ұлттық тәр­бие деген ұғым жатқаны ой­ға оралады. Бұл ұғым да біз үшін аса қасиетті де қастерлі. Өйткені, біздің ұрпақтарымыз – ата салт-дәстүрмен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азаматтар. Халқымыздың қанында жер жүзіндегі басқа халықтарда сирек кездесетін теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкө­ңілділік, қонақжайлылық сияқ­ты адами қасиеттер басым екен­дігі даусыз. Ерте кезден-ақ әрбір халық балаға тәрбиені оның бесікте жатқан кезінен бастап, халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, қоршаған ортаның ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дала, құла түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап бағыт алып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге ататын мерген болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығы болғандықтан бала 6-7 жасынан-ақ ат құлағында ойнаған. Оқу-сызу өнеріне ма­шықтанбаса да, бір естігенін қалт жібермей жадында сақтайтын құйма құлақ болып, есте сақтау қабілеттері аса жоғары дәрежеде дамыған. Атам қазақ ежелден тәрбие ісінде басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеп, әдептілік мәселе­сін басты міндет етіп қойған. Екін­шіден, мейірімді болуға тәр­биелеген. Өйткені, мейірімді адам қашанда қайырымды болады. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен. Бұл баланы еңбеккке баулудың алғашқы белгілері. Төртіншіден, адалдық пен шын­дыққа тәрбиелеу. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңірген. Алтыншыдан, үл­кенді, ата-ананы, сол арқылы қоршаған ортаны, айналаны сыйлауды басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын ешқашан бетіне баспа деген. Бұл кемшілікті мүлдем айтпау деген ой емес, адамға Алланың салған кемдігін айтпа деген. Сегізіншіден, «Ел намысы – ер намысы» болуы керек. Сондықтан, ел қорғаны – батыр бол, халық алдында адал қызмет ет, бойыңдағы бар талант, күш-жігеріңді халқыңа жұмса, намысшыл бол дегенді санасына сіңірген.   Бұл айтылғандар бала тәр­биесі, яғни адам тәрбиесі – тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін танытады.

Осыны меңзеген әл-Фараби бабамыздың сөзімен қорытынды жасағым келіп отыр «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адам­заттың қас жауы» деген сөзі­нің астарында терең мән жатқанын есімізден шығармағанымыз абзал...

Просмотров: 1014


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст