«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы

12.08.2020

 

 

«Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»


Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.

Жазғы каникул балалардың  жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиелен істен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантына шып көрсе туге мүмкіндік береді. Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.

Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді. Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналаралдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденең дейді.

Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі  мыңнан астам лагерлер жұмыс істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы үшін лагерлердің екі типіболады: мектептегі және қаласыртындағы.

Өкінішке орай, көптеген қаласыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді. Жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін демалады. Ал, жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаң дамайды, мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.

Мектеп лагері — белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әр түрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.

Лагерь — кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын барынша оң тайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Балалардың сауықтыру лагерлері — балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене жәнеә леуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі. Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда бастауыш сынып оқушылары, оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тартуміндетті болып саналады.

Қаласыртындағы орындарының негізгі міндеттері — балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын  нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың  тиімді демалысын және  бос  уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.

Барлық балалардың табиғи дарындарының бар екені және олдарын дардыңдамалуы үлкендердің бала өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты екені белгілі.  Оқудан бос  демалыс кезінде жас өспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкінді калады.

Бұл мезгілдегі балалардың ара қатынасы тұрақты болмайды, ортақ қоғамдық пікірлері жоқ, бірақ берілген ұйымының қалыптасуынадеген  адамгершілік — психологиялық  негіздері қаланады.

Көңіл көтеретін ойын-сауық түріндегі өткізудің жалпыға  арналған түрлері мен (лагерь деңгейіндегі шаралар) ойын-сауықтырудан бөлек шартты-талдаушы (отряд  ішіндегі жұмыстар) жеке — топтық жұмыстардың арасындағы тепе- теңдік орнатылуы  қажет.

Бос уақытын ұйымдастыру-бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттілік терін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерьде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі әр  түрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және руханиқа білеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.

Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқашығу да балалның көңіл көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнде ікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл — күймен өз сезімдері нашып көрсету мүмкіндігін береді. Өздігінен білім алу балаларды, пікір таластар, іскерлік ойындар жатады.

     Балалардың демалысының ұйымдастырылуы жайлы сөзімізді қорыта келгенде,   біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орнығана емес, үлкент әрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әр бір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғы шарт болады.

 

 

 

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст