05.01.2026

"Жаңа жыл-2026" құтты болсын!
Мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары және "Мөлдір- бұлақ" шағын орталығының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық тәттілер қорабын сыйлап, демеушілік көрсеткен ТОО «ФИНАНС КОММЕРЦ» басшысы Нурпейсов Серик Кайргельдиновичке үлкен алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар осы демеушілікті ұйымдастырған Қонысбай ауылдық округінің әкімдігіне және әкімі Еслямбеков Жасқайрат Жақсыбаевичке ерекше алғысымызды білдіреміз.
Оқушыларымызға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында мектебімізге қаржылай демеушілік жасаған ТОО «Промвзрыв» басшысы Захарян Александр Владимировичке үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл мерекесін керемет өткізуге өз үлесін қосқан Шындаулетов Куаншбек Алтынбековичке үлкен алғысымызды білдіреміз.
Демеушілік көмек көрсетіп, қолдау білдіргеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Бұл — біз үшін үлкен көмек әрі жанашырлықтың белгісі. Ізгі ниетіңіз бен жомарттығыңыз өзіңізге еселеп қайтсын. Деніңізге саулық, ісіңізге береке тілейміз!
Жаңа жыл құтты болсын!
Отбасыларыңызға амандық, тыныштық, жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Құрметпен: Гранитный кентінің негізгі орта мектебінің директоры: Кафанова Ардак Есимгалиевна және мектеп ұжымы.